Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 27 қарашадағы № 491 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 27 қарашадағы № 491 Жарлығы
ҚР Президентінің 2006.09.01. № 1696 Жарлығымен күші жойылды
Тиiмдi ұлттық сақтандыру индустриясын қалыптастыру және оның басым бағыттарын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және оны iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспары бекітілсiн (қоса берiледi).
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган болып саналатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып, осы Жарлықтың 1-тармағында бекітілген құжаттарға сәйкес iс-шараларды орындау жөнiнде шаралар қолдансын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
|
|
|
|
|
|
|
| Н.Ә. Назарбаев |
Президентінің
2000 жылғы 27 қарашадағы
№ 491 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың
2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Паспорт
Атауы Қазақстан Республикасында сақтандыруды
дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы
туралы шешім қарашада Қазақстан қаржыгерлерiнiң 2-конгресiнде
Документ утратил силу
Демо – версия документа