«Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 395 Жарлығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесіне
қарсы күрестiң 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы
№ 395 Жарлығы
ҚР Президентінің 2006.09.01. № 1696 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, есiрткiнiң заңсыз таралуы мен пайдаланылуына қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкіметі жыл сайын республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi қаражатты көздесiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Бағдарламаны орындауды қамтамасыз ету жөніндегі бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі Агенттiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 16 мамырдағы
№ 395 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы
күрестің 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Астана, 2000 жыл
Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткi
бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2001 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы.
Әзiрленiм үшiн Салауатты өмiр салты үшiн, соның iшiнде
негiздеме нашақорлық пен есiрткiге қарсы күрес Үкiметтiң басым
Документ утратил силу
Демо – версия документа