Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 ж. 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы (2024.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 ж. 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы
(2024.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
ҚР Президентінің 15.07.99 ж. № 171; 2005.21.04. № 1557 Жарлықтарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Республикалық бюджет есебінен қамтылған мемлекеттік органдардың штат саны 1-4-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдардың босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер беріледі деп белгіленсін.
3. Қосымшаларда аталған мемлекеттік органдар өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Демо – версия документа