Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Шығыстың және осы заманғы медицинаның республикалық шаруашылық есептегі ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 296 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

«Шығыстың және осы заманғы медицинаның республикалық шаруашылық есептегі ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 296 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

«2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнің «Шығыстың және осы заманғы медицинаның республикалық шаруашылық есептегi ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны мемлекеттiң жарғылық капиталға жүз пайыздық қатысуымен «Халық медицинасының республикалық ғылыми-практикалық орталығы» жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) Қоғам жарғысын бекіту кезiнде қызметінiң негiзгi мәнi:

медициналық қызметпен халық медицинасының әдiстерiн және құралдарын пайдалана отырып, айналысу;

халықты диагностикалаудың, сауықтырудың және емдеудiң халық медицинасы саласындағы ғылыми негiзделген әдiстерiн әзiрлеу және практикаға енгізу;

халық медицинасымен айналысатын адамдарды оқыту және білiктiлiгiн көтерудi ұйымдастыру болып белгіленсiн;

2) Қоғам мемлекеттік тiркелгеннен кейiн белгiленген тәртiппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен 25 пайыздан аспайтын сомаға акциялардың қосымша эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың қосымша эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық сала ұйымдарын акционерлік қоғамдарға қайта ұйымдастырудың ережелерiне сәйкес жүргiзсiн;

3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн акциялардың мемлекеттік пакетiн сатуды жүзеге асырсын;

4) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2001 жылғы 28 ақпандағы

№ 296 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесіндегі:

«Алматы қаласы» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-36-жолмен толықтырылсын:

«123-36  «Халық медицинасы орталығы» ЖАҚ-ы.

3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесіндегі:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігіне» бөлiмiнде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiне;

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 226-1-жолмен толықтырылсын:

«226-1   «Халық медицинасы орталығы» ЖАҚ-ы.

4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 527-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

2 «Мемлекеттік кәсiпорындар» бөлiміндегі реттiк нөмiрi 55-жол алынып тасталсын.

,

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции