Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеті туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 маусымдағы № 997 Қаулысы (2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 20 маусымдағы № 997 Қаулысы
(2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесiн реформалау жөніндегі кезектi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3377 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2-7. ҚР Үкіметінің 1999.09.10. № 1363 қаулысымен күші жойылды
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн, қоса берiлiп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Үкіметінiң
1997 жылғы 20 маусымдағы
№ 997 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi (Қорғанысминiнiң
Қорғанысөнеркәсiпкомы) туралы
ЕРЕЖЕ
1. Негiзгi ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) қорғаныстық және қос мақсаттағы өнiмдердi жасауға және өндiруге қатысушы ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң құрылымындағы мемлекеттік орган болып табылады.
2. Комитет өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шектерiнде арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын дербес жүзеге асырады.
3. Комитеттiң өзiнiң құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының барлық органдарының, ұйымдарының лауазымды тұлғаларының және азаматтарының атқаруы үшiн мiндеттi.
4. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң нормативтiк құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
5. Комитеттiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
6. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және қазақ, орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi, сондай-ақ тиiстi мөрлерi, мөртаңбалары және бланктерi болады.
7. Комитеттiң штаттық санын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi айқындайды.
8. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
қорғаныстық және қос қолданудағы өнiмдердi жасау, өндiру және жою саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға байланысты қызметтi, сондай-ақ қорғаныс кәсiпорындарын дамыту мен конверсиялау бағдарламаларын, мемлекетаралық әскери-техникалық ынтымақтастық пен әскери мақсаттағы өнiмдердi экспорттық-импорттық беру бағдарламаларын салааралық үйлестiру, осы бағдарламаларды жүзеге асыру;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын орындау, жұмылдыру қуаттары мен резервтерiн құру, қорғаныс кәсiпорнының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен экспорттық бақылау мен лицензиялауды жүзеге асыру болып табылады.
9. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп ағымдағы және ұзақ мерзiмдiк қорғаныстық және қос мақсаттағы өнiмдердi жасау, өндiру және жою бағдарламаларын жүзеге асыруды әзiрлеуге қатысады және оларды бақылайды;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды, қорғаныс өнеркәсiбiн дамытуды және конверсиялау бағдарламаларын жүзеге асыруды салааралық үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
Қорғаныс министрлігінiң әскер түрлерi, басқармалары, бөлiмдерi, қызметтерi және кәсiпорындары ұсыныстарының негiзiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң қорғаныстық тапсырысын қалыптастырады;
жұмылдыру қуаттары мен резервтерiн құру, жинақтау және сақтау жөніндегі жоспарлар мен тапсырмаларды қалыптастыруға қатысады және олардың орындалуын ұйымдастырады;
мемлекеттік қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту және конверсиялау бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады және олардың орындалуын ұйымдастырады;
қару-жарақтардың, әскери техникалардың және қос мақсаттағы өнiмдердiң экспорттық-импорттық берiлуi саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысады;
- өз құзыретiнiң шегiнде жаппай қырып-жою қаруларын таратпау, қару-жарақтар мен әскери техникаларды өндiрудi қысқарту, жою және кәдеге жарату жөніндегі халықаралық шарттарды, келісімдердi және мiндеттемелердi жүзеге асыруды ұйымдастырады;
қорғаныс-өнеркәсiптiк кешеніндегі ғылыми-техникалық және технологиялық дамыту бағдарламаларын әзiрлеудi ұйымдастырады, Комитетке ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдардың құрылысын салу, кеңейту, қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру жобаларына қорытынды бередi;
Комитеттiң қарауындағы қорғаныс-өнеркәсiптiк кешенiнiң кәсiпорындарын реформалау, инвестициялау және олардың әлеуметтiк қызметi жөніндегі шараларды жоспарлайды және оларды орындауды жүзеге асырады;
қорғаныстық тақырыптама бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүргiзудi ұйымдастырады және оларды қос қолданудың мүмкiндiктерiн айқындайды;
өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетi мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған бiрыңғай техникалық саясатты жүргiзедi, қорғаныс-өнеркәсiптiк кешенiнде ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуеттi тиiмдi пайдалануды ұйымдастырады;
жаңа технологияларды жасау мен енгiзудi, қару-жарақтарды, әскери техникаларды және оқ-дәрiлердi өнеркәсiптiк кәдеге жарату мен жою жөніндегі жұмыстарды үйлестiредi;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен заңды және жеке тұлғалардың қызметiн лицензиялауды жүзеге асырады;
қорғаныс-өнеркәсiптiк кешеннiң құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдарды жұмылдырушылық даярлау жөніндегі шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
қорғаныс-өнеркәсiптiк кешеннiң ұйымдарына шетелдiк әрiптестерiмен тiкелей өндiрiстiк және ғылыми-техникалық байланыстар орнатуда жәрдем көрсетедi, олардың сыртқы экономикалық қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныс дайындайды;
әскери-техникалық ынтымақтастық саласында халықаралық келісімдердi дайындауға қатысады және олардың практикалық жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған арнаулы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ құпия өнертабыстарды қорғауға байланысты жұмыстарды жүзеге асырады;
қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту және конверсиялау бағдарламаларын, сондай-ақ жұмылдырушылық даярлық жоспарлары мен қорғаныстық тақырып бойынша ҒЗТКЖ орындауға арналған бюджеттік қаражатты жоспарлауға және оған бақылау жасауға қатысады;
Қазақстанның және басқа да мемлекеттердiң қорғаныс-өнеркәсiптiк кешенiн дамытудың тенденциялары мен серпiнiне талдау жасауды және шолулар дайындауды жүзеге асырады;
қорғаныс-өнеркәсiптiк кешенiнiң қызметi мәселелерi бойынша заңдардың қолданылу тәжiрибесiн жинақтап қорытады, оларды Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзуi үшiн ұсыныстар әзiрлейдi.
10. Комитеттiң алдына қойылған мiндеттерi мен оған жүктелген функцияларына сәйкес:
белгiленген тәртiппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
мемлекеттік басқарудың басқа органдарының құзыретiне кiретiн, бiрақ қорғаныс-өнеркәсiптiк кешенiнiң мүдделерiн қозғайтын Қазақстан Республикасының мемлекетаралық экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастығы мәселелерiн әзiрлеуге, қарауға және келiсуге қатысуға;
республиканың iшiнде де, халықаралық деңгейде де қорғаныс-өнеркәсiптiк кешенiнiң мәселелерi бойынша мүдделердi бiлдiруге;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне қорғаныс-өнеркәсiптiк кешен кәсiпорындарының, оның iшiнде шетелдiк инвесторлардың қатысуымен, қызметiне қатысты ұсыныстар дайындауға қатысуға;
қару-жарақтар мен әскери техникалардың, оқ-дәрiлер мен қос мақсаттағы өнiмдердiң жаңа үлгiлерiн, конверсиялар бағдарламаларын жасау және оларға сараптама жүргiзу жөнiнде осы мақсаттар үшiн сарапшыларды тартуға, шарттар жасасуға;
белгiленген тәртiппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша салааралық үйлестiрудi қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға;
қорғаныс мұқтаждары мен республиканың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұйымдардың басшыларын тыңдауға, өз құзыретiнiң шегiнде тиiстi ұйымдастыру шараларын қабылдауға;
белгiленген құзыретiнiң шегiнде қабылданған шешiмдердiң атқарылуына тексерулер жүргiзуге, осы мақсат үшiн келісім бойынша республиканың мемлекеттік органдарының мамандары мен қызметкерлерiн тартуға;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелердi талқылауға;
орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер жөніндегі өзара iс-қимылын үйлестiрудi жүзеге асыруға құқығы бар.
5. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
11. Комитеттi Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және босататын Төраға басқарады.
Комитет төрағасының Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi тағайындайтын орынбасары болады.
Комитетке жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуы үшiн жеке жауаптылықта болады;
Комитеттiң жұмыс жоспарын бекiтедi;
Комитет бойынша бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
тиiстi министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғаныс-өнеркәсiптiк кешен ұйымдарының басшыларын көтермелеу немесе тәртiптiк шаралар қолдану туралы ұсыныс енгiзедi;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi айқындаған штат санының шегiнде Комитеттiң штат кестесiн бекiтедi;
өзiнiң орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауаптылық деңгейiн айқындайды;
Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады, оларға тәртiптiк шаралар қолданады;
Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
өз құзыретiнiң шегiнде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Комитеттi мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бiлдiредi.
ҚР Үкіметінің 1998 ж. 04.07. № 294 Қаулысымен; ҚР Үкіметінің 1999 ж. 31.03. № 340 Қаулысымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 20 маусымдағы
№ 997 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қорғаныс
өнеркәсiбi жөніндегі комитеттiң қарауындағы ұйымдардың
ТIЗБЕСI
«Машина жасау зауыты» АҚ, Алматы қаласы
«ЗИКСТО» АҚ, Петропавл қаласы
«С.М.Киров атындағы завод» АҚ, Петропавл қаласы
«Зенит» АҚ, Орал қаласы
«Металлист» АҚ, Орал қаласы
«Омега» АҚ, Орал қаласы
«Гидроприбор ҒЗИ» АҚ, Орал қаласы
«Шельф» АҚ, Атырау қаласы
«Тыныс» АҚ, Көкшетау қаласы
«Наука-Восток» АҚ, Көкшетау қаласы
«Семей машина жасау заводы» АҚ, Семей қаласы
«Органикалық емес өндiрiстер заводы» АҚ, Серебрянск қаласы
«№ 405 авиациялық-техникалық орталық» АҚ, Алматы қаласы
«№ 406 авиациялық-техникалық орталық» АҚ, Ақтөбе қаласы
«Ұлан» ӘК, Алматы қаласы
«Микрография» ҒЗИ, Орал қаласы
Арнаулы материалдар тану ҒЗИ, Шымкент қаласы
Үкіметінiң
1997 жылғы 20 маусымдағы
№ 997 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл жасау қаруларын жою жөніндегі Үкiметтiк комиссия туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қыркүйектегi № 1280 қаулысының 4 және 9-тармақтарындағы «Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитет» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. ҚРҮ-нiң 1998.09.24. № 950 қаулысымен күші жойылды
3. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортының тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 наурыздағы № 298 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 83-құжат):
3-тармақтағы «Экономика» деген сөзден кейiн «және сауда» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулыға 1-қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары», «Өнеркәсiп және сауда министрлігі», «Өнеркәсiп және сауда министрлігінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Қорғау» ұлттық акционерлік компаниясын қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 15 мамырдағы № 603 қаулысына:
аталған қаулыға 2-қосымшадағы:
Акцияларының мемлекеттік пакеттерi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатылатын акционерлік қоғамдардың тiзбесiнен Атырау қаласындағы «Шельф» акционерлік қоғамы алынып тасталсын.
6. ҚР Үкіметінің 2010.08.12. № 1324 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)