Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 1162 Бұйрығы (күші жойылды)

Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс
министрлігі 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 1162 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 439 бұйрығымен күші жойылды

 

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын орындау үшін бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібі бекітілсін.

2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

Министр

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік кіріс министрлігі

1999 жылғы 20 қыркүйектегі

№ 1162 Бұйрығымен

 бекітілген

 

Алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) бөлшек саудасының

Ережесi

 

1. Жалпы Ережелер

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылдың 16 шiлдесiндегi Заңына сәйкес дайындалған және алкоголь өнiмдерiн бөлшек сатуды тәртiпке келтiруге бағытталған.

2. Алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) бөлшек саудасын жекеменшiк түрiне байланыссыз жергiлiктi атқару органдары белгiлеген тәртiппен бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына берiлетiн алкоголь өнiмi (сырадан басқа) бөлшек саудасының лицензиясы болғанда ғана жүзеге асыруға болады.

2. Негiзгi ұғымдар

 

3. Алкоголь өнiмi (сырадан басқа) бөлшек саудасының осы Ережесiнде келесi ұғымдар пайдаланылады:

1) алкоголь өнiмi - этил спиртiнiң көлемдiк үлесi 1,5 пайыздан асатын тамақтық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлген тамақ өнiмi;

2) көтерме сату - өкiлеттi орган бекiткен құжаттарға сәйкес, ары қарай сату үшiн қойма жайларынан шектеусiз көлемдерде алкоголь өнiмiн босату;

3) бөлшек сауда - фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппаратымен және сауда алаңдарымен жабдықталған стационарлық жайларда, сондай-ақ стационарлық жайлардың жанындағы жазғы алаңдарда алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) тұтыну және коммерциялық емес пайдалану үшiн сату;

4) сақтау - алкоголь өнiмдерiн қойма жайларында орналастыру (жинақтау);

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку