(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САҚТАНДЫРУ РЕЗЕРВТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА, ЕСЕПТЕУ ӘДIС...
Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 Қаулысы
(2023.12.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.20.02. № 3 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Сақтандыру қызметі туралы» және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 76 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9529 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 127 қаулысымен бекітілген, Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 22-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14277 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 24.10.2016 ж. жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Редакция документа
Демо – версия документа