«Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 215 Қаулысы
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 215 Қаулысы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 206-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 211 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысының 31-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ 215 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну
қағидалары
1. Осы Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 206-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
Демо – версия документа