Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 7 бұйрығы

 «Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 7 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 6988 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы»;

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку