(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КЕМЕ ТІЗІЛІМІНДЕ КЕМЕЛЕРДІ ...
Осы редакция 2019 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 558 бұйрығына
7-қосымша
«Халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.28.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттiк қызметтi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) меншiк құқығындағы теңіз кемесі үшін - теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлікті және кемеге меншiк құқығы туралы куәлікті беру немесе осы стандартының 11-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап;
Редакция документа
Демо – версия документа