Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЕТ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТУЫН КӨТЕРІП ЖҮЗЕТІН КЕМЕНІҢ КАБОТА...

Осы редакция 2019 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.30.01. № 53 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 558 бұйрығына

5-қосымша

 

 

«Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кеменің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.30.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кеменің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 20 (жиырма) күнтізбелік күн.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толығымен автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кеменің каботажды жүзеге асыруына рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы стандартының 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған (бұдан әрі - ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку