«Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 Қаулысы (2020.29.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 Қаулысы
(2020.29.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 479 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1126 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру
қағидалары
ҚР Үкіметінің 2020.29.01. № 18 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:
Документ утратил силу
Демо – версия документа