(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЭНЕР...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы
(2022.30.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 3 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2022.30.09. № 1028 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2022.30.09. № 1028 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 10) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасында энергетика саласының орнықтылығы және оны тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2022.30.09. № 1028 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Энергетикалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2012 жылғы наурыздың 14-і.
№ 285
Президентінің
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 285 Жарлығымен
бекітілген
ҚР Президентінің 2022.30.09. № 1028 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы
ереже
ҚР Президентінің 2022.30.09. № 1028 Жарлығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2022.30.09. № 1028 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасында энергетика саласын орнықты және тиімді дамыту мақсатында құрылады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа