Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2015.29.12 № 152 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы

 

Осы редакция 2016 жылғы 1 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Мемлекеттік қызметшілердің ант беру қағидалары;

2) Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімі;

3) Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары;

4) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімі, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдары;

5) Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары;

6) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбей ауысу тәртібімен орналасу қағидалары бекітілсін.

2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 29-ы.

 

№ 152

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 152 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Мемлекеттік қызметшілердің ант беру
ҚАҒИДАЛАРЫ

 

1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің ант беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына және 21-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ант беру тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметке алғаш кірген не мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған жаңадан кірген, сондай-ақ әкімшілік не өзге мемлекеттік лауазымнан саяси мемлекеттік лауазымға өткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері ант береді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку