Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 Қаулысы (күші жойылды)

«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 587 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 89-90, 636-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

Қағидалардың бүкіл мәтіні бойынша:

«сәттен» деген сөз «күннен» деген сөзбен ауыстырылсын;

«әкесінің аты» деген сөз «әкесінің аты (бар болса)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«келіп түскен» деген сөздер «тіркелген» деген сөзбен ауыстырылсын;

«Т.А.Ә.» деген сөздер «Т.А.Ә. (бар болса)» деген сөздермен ауыстырылсын;

15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес өткізілген жағдайда конкурстық құжаттаманы ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам не тапсырыс берушінің жауапты хатшысы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.»;

мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-тармақтармен толықтырылсын:

«15-1. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттамада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс.

15-2. Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін тапсырыс берушіге қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку