(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АКЦИОНЕРІ МЕМЛЕКЕТ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ...
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығы
(2019.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 1 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары;
2) Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Сұлтанов
2015 жылғы 10 наурыз
Ұлттық экономика министрінің
Редакция документа
Демо – версия документа