(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.13.02 № 128 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 128 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамы оған жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
C. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 13 ақпандағы
№ 128 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа