«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 688 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 688 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 554-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
114) және 115) тармақшалар алып тасталсын;
128) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«128) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
139), 140) және 141) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«139) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша он бесінші мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi;
140) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланып отырған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді;
Демо – версия документа