(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 200 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 17 сәуірдегі
№ 200 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат):
2-тармақтың 1) және 5) тармақшалары алып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат.):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
104) тармақша алып тасталсын;
130), 339-12), 339-13) және 339-16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«130) Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жасалған бизнес-жоспарға қорытынды дайындау;»;
«339-12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жасалған бизнес-жоспарға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тарту;
Редакция документа
Демо – версия документа