«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 608 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 29 шілде
№ 608
Президентінің
2024 жылғы 29 шілдедегі
№ 608 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:
152-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«152-5. Президенттік резервке енгізу үшін кандидаттарды іріктеу әскери қызметшілердің жеке және іскерлік қасиеттерін, олардың қызметтік іс-әрекетінің нәтижелерін зерделеу мен бағалау және аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттар мен тәртіп негізінде ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылып жиналған балл (бұдан әрі - балл) ескеріліп жүргізіледі.»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік органның бірінші басшысының:
әскери қызметшінің іскерлік және жеке қасиеттері;
болжанатын лауазымға орналасу үшін көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетіні;
аттестаттау комиссиясының шешімі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есептері бойынша тексеру нәтижелері;
жиналған баллдары көрсетілген ұсынымы;».
Демо – версия документа