(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӨЛІКТЕГІ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИ...
Көліктегі ішкі істер органдарының патрульдік полициясы саптық бөліністерінің жолаушылар поездарына ілесіп жүруін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 485 Бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 6 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Темір жол көлігі объектілерінде құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстар мен құқық бұзушылардың алдын алу және жолын кесу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жолаушылардың және поезд бригадалары жұмыскерлерінің жеке меншігін сақтауды, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көліктегі ішкі істер органдарының патрульдік полициясы саптық бөліністерінің жолаушылар поездарына ілесіп жүруін ұйымдастыру туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) көліктегі ішкі істер органдары мен бөліністері жеке құрамының осы Нұсқаулықты зерделеуін қамтамасыз етсін;
2) Нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша барлық жүру бағыты бойында полиция жасақшаларының жолаушылар поездарына ілесіп жүруін ұйымдастырсын.
3. «Көліктегі ІІБ-нің жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі патрульдік полиция бөлімшелері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 664 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1340 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В.Кулиничке және Әкімшілік полиция комитетіне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Баймағанбетов |
«Келісілген»
Редакция документа
Демо – версия документа