«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 және «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы № 211 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 60 Қаулысы
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 және «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы № 211 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 60 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15863 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) осы қаулыға 13-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жұмысшыларына (отбасы мүшелеріне) зейнетақы және зейнетақы жинақтары бойынша төлемдер көлемі туралы есеп нысаны;»;
2-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тоқсан сайын - осы қаулының 1-тармағының 13-1) және 20) тармақшаларында көзделген есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.»;
3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа