Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ УӘКIЛЕТТI ОРГАНДАРЫНДА ЗА...

Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 Қаулысы

(2019.28.03. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қoca берiлiп отырған Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 907 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру

қағидалары

 

1. Осы Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітіліген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентіне (бұдан әрі - Үкімет Регламенті) сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлеуге жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында (бұдан әрі - уәкілетті органдар) заң жобалау жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.

2. Уәкілетті органдардың заң жобалау жұмысын ұйымдастыруы мыналарды қамтиды:

1) заң жобасының тұжырымдамасын даярлау (Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру үшін әзірленетін заң жобаларын қоспағанда);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку