(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК СЫРТҚЫ ҚАРЫЗДАР ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖ...
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 211 Қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 203-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 20 сәуірдегі
№ 211 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық
бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну
қағидалары
1. Осы Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 203-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа