(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ТУРА...
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 707 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 707 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 16 тамыздағы
№ 1074 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды, мемлекеттік авиация қызметі саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомствосы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бар.
Редакция документа
Демо – версия документа