(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒА...
«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 50 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 31 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Редакция документа
Демо – версия документа