«Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 ақпандағы № 140 бұйрығы (күші жойылды)
Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 ақпандағы № 140 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1191 бұйрығымен күші жойылды
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтарындағы Заңы 5-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа