Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Агломерация құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 44 бұйрығы

Агломерация құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 44 бұйрығы

 

«Агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Агломерация құрамын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушы

 

 

А. Куантыров

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

міндетінің атқарушысының

2023 жылғы 31 наурыздағы

№ 44 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Агломерация құрамын қалыптастыру

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Агломерация құрамын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және агломерация құрамын қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) агломерация – астанадан немесе республикалық маңызы бар қаладан немесе облыстық маңызы бар қаладан және олардың айналасында орналасқан, осы Заңда айқындалған өлшемшарттарға сәйкес келетін елді мекендерден тұратын жергілікті жүйе;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку