Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖОЛДАРДЫ ЖОБАЛАУҒА, САЛУҒА, ЖӨНДЕУГЕ, КҮТІП-ҰСТАУҒА...

Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығы

(2018.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 36-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.29.12. № 923 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;

2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку