(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПАРНИКТІК ГАЗДАР ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫН АЗАЙТУ МЕН СІҢІРУГЕ...
Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 26 маусымдағы
№ 841 қаулысымен
бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мүдделі тарап - мүддесі жобаны әзірлеуді және енгізуді қозғайтын не оны талқылауға қызығушылық білдірген жеке немесе заңды тұлға;
2) жобаға өтініш беруші - парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және сіңіруге бағытталған жобаға қатысушы, оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына және мақұлдауына ұсынушы;
Редакция документа
Демо – версия документа