Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ОБЛЫСТАРДЫҢ, РЕСПУ...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
 
Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы

(2022.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Президентінің 2018.04.08. № 723 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Президентінің 2018.04.08. № 723 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

ҚР Президентінің 2018.04.08. № 723 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бекітілсін.

ҚР Президентінің 2018.04.08. № 723 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Өздеріне қатысты олардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін мынадай мемлекеттік органдар айқындалсын:

1) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік органдар;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар).

3. Бағалау 2010 жылдан басталуы керек пилоттық екі орталық мемлекеттік орган мен облыстың бір жергілікті атқарушы органын қоспағанда, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу 2011 жылдан бастап жүзеге асырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір ай мерзімде 2010 жылы бағалауға жататын мемлекеттік органдардың тізбесін бекітсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку