«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 шілдедегi № 515 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 шілдедегi № 515 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:
1) тармақша мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
Бесінші және алтыншы абзацтары 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«онлайн-платформаны немесе лездік хабарлар алмасу сервисін пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында онлайн-платформадан немесе лездік хабар алмасу сервисінен бір тәуліктегі пайдаланушылардың саны туралы ақпаратты сұрату;
онлайн-платформа немесе лездік хабар алмасу сервисі интернетте ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын айқындауға арналған бағдарламаны орнатпаған жағдайда оларды пайдаланушылардың санын өз ресурстарымен айқындау;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік онлайн-платформаның немесе лездік хабар алмасу сервисінің қызметін шектеу;»;
2) тармақша мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу және осындай ақпаратты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға беру;»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа