Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 327 бұйрығы (2024.28.12. берілген өзгерістермен)

Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 327 бұйрығы

(2024.28.12. берілген өзгерістермен)

 

«Cот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

М. Бекетаев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2017 жылғы 30 наурыздағы

№ 327 бұйрығымен бекітілген

 

 

Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері

 нормативтері

 

1. Осы Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтері (бұдан әрі - Нормативтер) «Cот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Осы Нормативтер жүргізілетін сараптамалардың күрделілік дәрежесіне байланысты бір сот сарапшысына келетін сараптамалар саны жүктемесінің нормасын айқындайды.

3. Жүктеме нормативтерін айқындау кезінде сот-сараптамалық зерттеулердің күрделілік дәрежесі бойынша төрт санатқа бөлінетіндігі ескеріледі:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции