Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1040 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1040 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54-56, 554-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

1) 16-тармақта:

Екінші - бесінші абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«17) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

«17-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді, бекітеді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;»;

131-2) тармақша алып тасталсын;

Жетінші, сегізінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

131-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«131-3) электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;»;

133) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«133) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

135) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«135) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;»;

137) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку