(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ (ҚА...
Осы редакция 2019 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.14.02. № 8 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
5-қосымша
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу
қағидалары
(2019.04.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бөлім. Жалпы ережелер
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2019.04.01. № 5 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеген адамдарға, жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарға, оралмандарға, сондай-ақ студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібін айқындайды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018.14.06. № 242 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2019.04.01. № 5 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау - адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешені;
2) әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырушы - халықты жұмыспен қамту орталығы;
3) бос орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
Редакция документа
Демо – версия документа