Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ (ҚА...

Осы редакция 2017 жылғы 14 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы 14 маусымдағы

№ 516 бұйрығына

5-қосымша

 

 

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу

қағидалары

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Осы Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабы 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеген адамдарға, жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, оралмандарға, сондай-ақ студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау - адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешені;

2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі - халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

3) бос орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

4) еңбек нарығы - жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку