Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2014.24.12 № 257 ҚАУЛЫСЫ

Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 257 Қаулысы

 

Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Қ. Келімбетов

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 257 қаулысымен

бекітілді

 

 

Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу
қағидалары

 

1. Осы Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) макропруденциялық реттеуді жүзеге асыру шегінде қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды.

2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жүйе құраушы банк - тұрақты жұмыс істеуіне елдің тұтастай қаржы жүйесінің немесе оның жекелеген сегменттерінің тұрақтылығы байланысты болатын банк;

2) жүйе құраушы инфрақұрылымдық қаржы ұйымы - тұрақты жұмыс істеуіне бағалы қағаздар нарығының тұрақтылығы байланысты болатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

3) инфрақұрылымдық қаржы ұйымы - бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтердің мына түрлерінің бірін:

бағалы қағаздармен және басқа өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыруды;

депозитарлық қызметті;

қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку