Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 644 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 644 Қаулысы

(2023.04.10. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

2. Шетелдегі және Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражатының есебінен 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғам жарғысының бекітілуін;

2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетінің елу пайызына иелік ету және пайдалану құқығын - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне және елу пайызына иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне беруді;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 13 қазандағы

№ 644 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

 толықтырулар

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции