Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЙБІР ЖАРЛЫҚТ...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Осы редакция 2022 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 22 шілде

 

№ 76

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2019 жылғы 22 шілдедегі

№ 76 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

 

1. «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 36, 337-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) туралы ережеде:

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша Институт құрылымында Институттың Үйлестіру кеңесі ұйымдастырылуы мүмкін.

Институттың Үйлестіру кеңесі Институт қызметінің негізгі бағыттарын келісуді жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын өзге функцияларды жүзеге асырады.».

2. «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку