Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНАН «ҚОҒАМ...

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті жанынан «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы

(2019.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанынан «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған мекеменің жарғысы бекітілсін.

3. Мекеменің штат саны 58 бірлік мөлшерінде белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мекемеге қатысты уәкілетті орган болып айқындалсын.

5. Мекеме директорын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Достық үйі - Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің мүлкін мекемеге бере отырып, оны тарату туралы шаралар қабылдасын;

2) бір ай мерзімде мекемені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

3) мекемені республикалық бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етсін;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме басшыларының, мамандары мен қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын (мөлшерлемелерін) 1,72 арттырушы коэффициентті қолдана отырып белгілеуді қамтамасыз етсін;

5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Астана қаласында мекемені орналастыру үшін үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін.

8. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Президентінің 2015.29.12. № 150 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку