Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Электр немесе жылу желілеріне қосылатын ең жақын нүктені айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 117 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 72 бұйрығы

 «Электр немесе жылу желілеріне қосылатын ең жақын нүктені айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 117 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 72 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электр немесе жылу желілеріне қосылатын ең жақын нүктені айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10476 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Электр немесе жылу желілеріне ең жақын қосу нүктесін айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Электр немесе жылу желілеріне ең жақын қосу нүктесін айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр немесе жылу желілеріне қосылатын ең жақын нүктені айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку