(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МИНИСТРІНІҢ 2014.28....
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезіндегі өтемақы төлемдерін берудің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру министрінің 2014 жылғы 28 шілдеде № 292 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 7-бабының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезіндегі өтемақы төлемдерін берудің қағидалары бекітілсін.
2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы |
Т. Есентаев |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
С. Қайырбекова
2014 жылғы 31 шілде
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы № бұйрығымен бекітілген
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері
Редакция документа
Демо – версия документа