Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 318 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 318 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 24 мамырдағы

№ 318 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелердің

тізбесі

 

1. «Төтенше жағдайлар комитетінің Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Нұр-Сұлтан қаласы)» мемлекеттік мекемесі оны «Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Нұр-Сұлтан қаласы)» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.

2. «Төтенше жағдайлар комитетінің Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесі оны «Төтенше жағдайлар комитеті Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.

3. «Төтенше жағдайлар комитетінің Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесі оны «Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку