«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 1 тамыздағы № 95-ө өкімі
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 1 тамыздағы № 95-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша):
1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 1 тамыздағы
№ 95-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты, мемлекет тік орган | Орындалу мерзімі | Құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | З.Х. Баймолдина |
2. | Орталық сайлау комиссиясының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | З.Х. Баймолдина |
Демо – версия документа