«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 18 қазандағы № 748 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 18 қазандағы № 748 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | И. Лепеха |
Министрдің міндетін атқарушы
2023 жылғы 18 қазандағы
№ 748 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Көлік оқиғасының схемасын жасау ережесін және олардың үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6778 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жол белгілерін және таңбаларын бейнелеу олардың цифрлық белгілеулері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) бекітілген Жол жүрісі қағидаларына сәйкес жүргізіледі».
Демо – версия документа