(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ ТҰТЫНУШЫЛАРҒА АТАУЛЫ КӨМЕК БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕК...
Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 161 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Школьник |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрi
Б. Сұлтанов
2014 жылғы 12 желтоқсан
Энергетика министрінің
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 161 бұйрығымен
бекітілген
Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа