Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ОБЛЫСТАРДЫҢ, РЕСПУ...

Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығы
 
Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы

(2017.12.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бекітілсін.

2. Өздеріне қатысты олардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін мынадай мемлекеттік органдар айқындалсын:

1) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік органдар;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар).

3. Бағалау 2010 жылдан басталуы керек пилоттық екі орталық мемлекеттік орган мен облыстың бір жергілікті атқарушы органын қоспағанда, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу 2011 жылдан бастап жүзеге асырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір ай мерзімде 2010 жылы бағалауға жататын мемлекеттік органдардың тізбесін бекітсін.

5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне тиісті бағыттар бойынша бағалауға жауапты мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша үш ай мерзімде тиісті қорытындылар дайындауды қамтитын бағалау жүргізу әдістемесін әзірлесін және бекітсін.

6. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша үш ай мерзімде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалаудың нәтижелері туралы қорытындының форматын әзірлесін және бекітсін.

7. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку