«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 4-2/514 бұйрығы (күші жойылды)
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 4-2/514 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бірінші көбейтілген тұқым - бірінші жылғы элиталық тұқымды көбейтуден алынған тұқым;
2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымы - генетикалық айырмашылығы бар аналық нысандарды будандастырудан алынған және гетерозис нәтижесінде шығымдылығы немесе өзге де көрсеткіштері бойынша ең үздік аналық нысаннан асып түсетін өсімдіктердің тұқымдары;
3) екінші көбейтілген тұқым - бірінші көбейтілген тұқымды көбейтуден алынған тұқым;
4) үшінші көбейтілген тұқым - екінші көбейтілген тұқымды көбейтуден алынған тұқым.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа