(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТІРКЕУ ЕСЕБІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАРДЫҢ НЫСАНДА...
Тіркеу есебі мәселелері бойынша құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 153 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 14 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 76-бабының 17-тармағына, 84-бабының 1-тармағына, 85-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейрезидентті Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешімнің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімнің нысаны бекітілсін.
2. 5-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Редакция документа
Демо – версия документа