«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 160-ө Өкімі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 160-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылдануы негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ақпаратты мемлекеттік жалпыға қолжетімді ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңның іске асырылуы жөніндегі жиынтық ақпаратты талдасын, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей мемлекеттік жалпыға қолжетімді ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 29 қарашадағы
№ 160-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылдануы негізделген құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Демо – версия документа